Қаның не айта алады: сіз туралы 10 күтпеген дерек
Қаның не айта алады: сіз туралы 10 күтпеген дерек
Қан тапсыру — барлығымызға таныс, қарапайым процедура сияқты көрінеді. Бірақ бір ғана пробиркада сіздің денсаулығыңыз туралы қаншама ақпарат бар екенін білесіз бе?
⠀
Бүгін дәрігерлер қан арқылы нені біле алатыны туралы 10 қызықты дерекпен бөлісеміз — бар болғаны бір тамшы қан арқылы.
1. Шаршау — ұйқысыздықтан емес шығар
Созылмалы шаршау көбінесе анемиямен байланысты — бұл гемоглобиннің төмендеуі немесе темір жетіспеушілігі. Жалпы қан талдауы (ЖҚТ) мен ферритин бұл мәселені анықтауға көмектеседі.
2. Қан суық тигеніңізді де «сезеді»
Тіпті белгілер енді басталса да, лейкоциттер мен ЭТЖ деңгейі ағзада қабыну немесе инфекция бар екенін көрсетуі мүмкін.
3. Аллергия — тек түшкіру емес
Қандағы эозинофилдердің жоғары деңгейі жасырын аллергияның белгісі болуы мүмкін — сырттай көрінбесе де.
4. Қандағы қант деңгейі — тамақтану көрсеткіші
Глюкоза мен гликирленген гемоглобин деңгейі қандағы қанттың тұрақтылығын және диабетке бейімділікті көрсетеді.
5. Бауыр — ферменттері арқылы сөйлейді
АЛТ, АСТ, билирубин және басқа ферменттерге жасалатын талдаулар бауырдың жүктемеде екенін көрсете алады — кейде ешқандай ауырсынусыз да.
6. Иммунитетті де «көре» аламыз
Иммуноглобулиндер, лимфоциттер, антиденелер — осы көрсеткіштер бойынша дәрігерлер иммундық жүйенің әлсіз немесе белсенді екенін бағалайды.
7. Витамин жетіспеушілігі әрдайым байқалмайды
D дәрумені, B12 немесе фолий қышқылының төмен деңгейі — апатия, шаштың түсуі немесе әлсіздік арқылы көрінуі мүмкін. Анализдер нақты себепті анықтайды.
8. Қалқанша безінің бұзылуын қан көрсетеді
ТТГ, Т3, Т4 — зат алмасуға, салмаққа, көңіл-күйге және тіпті етеккір цикліне әсер ететін гормондар.
9. Қан — бүйрек жұмысының айнасы
Креатинин мен мочевина деңгейі бүйректің ағзаны уыттардан қаншалықты тиімді тазартып жатқанын көрсетеді.
10. Кейде «норма» — шын мәнінде, норма емес
Шекті немесе төменгі шекараға жақын көрсеткіштер әрқашан қауіпсіз емес. Дәрігер тек сандарға емес, кешенді көрініске, динамикаға және шағымдарға да назар аударады.