УДЗ фолликулометрия
Фолликулометрия — репродуктивті жастағы әйелдердің жұмыртқалықтарындағы фолликулдардың өсуі мен дамуын бақылауға мүмкіндік беретін ультрадыбыстық зерттеу.
Зерттеу барысында дәрігер мыналарды бағалайды:
- фолликулдардың саны мен өлшемдері
- жатыр эндометрийінің жағдайы
- доминантты фолликулдың болуы мен жетілуі
- овуляция және ұрықтануға дайындық
Фолликулометрия жүктілікті жоспарлауға, бедеулікті емдеуді бақылауға, жұмыртқалықтарды ынталандыру тиімділігін бағалауға және овуляцияны болжауға көмектеседі.
Процедура трансвагиналды (қынап арқылы) түрде жүргізіледі, ауырсынусыз, қауіпсіз және 10–15 минут алады.
Мекенжай: Алматы қ., Ақсай-5 ш/а, 12А үй
Дайындық
- Қуық босатылған болуы керек.
- Зерттеу әдетте дәрігер басқа мерзім тағайындамаса, етеккір циклінің 5–12 күнінде жүргізіледі.
- Процедурадан бұрын ыңғайлы киіммен келу ұсынылады.
- Болса — бұрынғы УДЗ нәтижелерін алып келу.
Фолликулометрия мынадай жағдайларда тағайындалады:
- жүктілікті жоспарлау кезінде
- ЭКО бағдарламаларында жұмыртқалық ынталандыруды бақылау кезінде
- етеккір циклі тұрақсыз болғанда
- фолликулдар мен эндометрий динамикасын бақылау үшін
- овуляция бұзылысына күдік туғанда